Басты бет

http://road.issn.org/issn/2518-1483 

«Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым

академиясының Баяндамалары» журналының

 Бас редакторы

ҚР Ұлттық ғылым академиясының президенті,

ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, академик

Мұрат Жұрынов

Алғы сөз!

 Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы жоғары санаттағы академиялық журналдарға ие, 1946 жылдан бастап жарыққа шығып, дүниежүзіндегі 73 мемлекеттің Ұлттық кітапханаларына  таралады. Соның ішінде 1947 жылдан «ҚР Ұлттық ғылым академиясының Баяндамалары» атты журналды да басып шығарады.

ХХ ғасырдың соңында тәуелсіздіктің тұғырлы белесіне қол жеткізген Қазақстан Республикасы өзінің соны тарихи жолын бастады. Ширек ғасырға жуық уақыт ішінде еліміз тар жол тайғақ кешу мен зұлмат қиын-қыстау кезеңдерден сүрінбей өтіп, жаңа деңгейге қол жеткізді.  

Елдің табиғи ресурстарын тиімді, әрі орынды пайдаланудың нысаналы және жүйелі бағдарламалары жүзеге асырылып отыр. Өйткені қазақтың кең сахарасында химиялық элементтердің барлық түрі кездесетіні баршаға аян. Мәселен, мұнай қорынан әлемде 9 орынды, уран қоры бойынша 2-ші орын, хромит рудаларынан 2-орын, көмірден ТМД-да 3-орынды алады. Сондай-ақ  алтын, күміс, мыс, мырыш, алюминий, титан, магний және сирек кездесетін металдар мен химиялық элементтердің де жеткілікті қорлары бар. Демек, аталмыш табиғи ресурстарды тиянақты, мұқият пайдалану арқылы елдің әлеуметтік-экономикалық және саяси әлеуетін кемелдендіруге болатыны сөзсіз. 

Қазақстан жаһандану үдерісінде беделді орын алып, әлемнің супер державаларымен санасатындай деңгейге көтерілуі мақсатында мемлекет тарапынан игі іс-шаралар ұйымдастырылып келеді. Сөзімізді дәйектейтін болсақ, Қазақстан Ұлт көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен әлем бойынша, өз еркімен ядролық қаруды сынаудан бас тартты. Әрине, жанталаса қарулану заманында мұндай батыл қадам жасау – Елбасының көрегендік саясаты деп білеміз.

Әлемдік тарихқа еліміздің қосқан үлесі аз емес. Солардың бірі ретінде – төрткүл дүние көшбасшыларының 11 жыл уақыт бойына басы қосылмаған жиынжы өткізу еліміз үшін де үлкен сынақ болды. Дегенмен 2010 жылы Қазақстан ТМД елдерінің ішінен алғаш болып, ЕҚЫҰ-на төраға болып, Астана саммитін ұйымдастырды. Стамбұлдан кейін саммит өтпейтініне көз жеткізгендердің қателескендігін дәлелдеп берді. «4Т» формуласымен Алаш жұрты күллі әлемге танымал болды.

Міне мұндай игі бастамалардың саны жыл сайын артып отыр. Ендігі кезекте бәсекеге қабілетті 30 елдің қатарына ену сынағы күтіп тұр. Бұл үшін көзі ашық, көкірегі ояу, ұлт жанды, иманды ұрпақты, дарынды да талапты азаматтарды тәрбиелеу қажеттілігі туындап отыр.

ХХІ ғасыр ғылым мен техниканың, технологиялардың қарыштап дамыған заманы. Осыған орай математика, физика, химия және т.б. нақты ғылым салаларын кемелдендіре отырып, біз білімді де, білікті жаңа буынды тәрбиелеп шығуымыз керек. Яғни әлемде болып жатқан жаңалықтардың озық үлгілерін тиімді түрде тәжірибеге қоса отырып, техникасы мен технологиясы дамыған ел ретінде танымал болуымыз – уақыт талабы іспеттес. Осыған орай жаратылыстану ғылым салаларын жуық арада кемелдендіру үшін келешек ұрпақты осы ғылым салаларына қызықтырып, олардың қызығушылықтары мен құштарлықтарын арттырған жөн. Мәселен, теле арналардан арнайы бағдарламалар көрсетіп, ғылыми конференциялар мен олимпиадалар ұйымдастырған абзал. Ал ең бастысы, математика, физика және химия сынды ғылым салаларымен тығыз байланысты журнал-газеттер ашқан жөн. Мұндай мерзімді басылымдар өскелең ұрпақтың санасына тиімді түрде ықпал етері еш шүбәсіз.

Осыған орай бұл журналдың қалың оқырманға тигізер септігі мол деп білеміз. Өйткені математика, физика, химия, медицина, биология, қоғамдық ғылымдар, басқа ғылым салалары – заманауи уақыттың ең негізгі тетіктеріне айналып отыр. Демек, аталмыш ғылымдар мен бұл журналдың болашағы жарқын болғай!

 

 

 

Бас редактор бағаны

Біздің журнал

Күнтізбе

« Желтоқсан 2016 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31