Қазақстан Республикасы
Ұлттық ғылым академиясы
Құрметті авторлар!
Журнал редакциясы мектеп оқушылары, студенттер (бакалавриат), сондай-ақ магистратурада білім алушылар дайындаған қолжазбаларды, соның ішінде оқу жұмысы форматында ұсынылған материалдарды (рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жобалар және т.б.) қабылдамайтынын хабарлаймыз.
Аталған саясат журналдың академиялық жаңалыққа, әдіснамалық негізділікке және ғылыми маңыздылыққа сәйкес келетін дербес ғылыми зерттеулердің нәтижелерін жариялауға бағытталған рецензияланатын ғылыми басылым мәртебесіне байланысты белгіленген.
Қолжазбалар аяқталған ғылыми зерттеулерді ұсынатын зерттеушілерден, оқытушылардан және мамандардан ғана қабылданады. Мақалалар журнал талаптарына сәйкес рәсімделуі тиіс.
Түсіністік танытқандарыңыз үшін алғысымыз шексіз.
Редакция алқасы